“Денсаулық – басты байлық”
клубының “Өзара қолдау”
қайырымдылық бағдарламасы


Миссиямыз: Әлемдегі адамдарды қаржылық өзара көмек арқылы біріктіру!
Ұранымыз: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің де көресің!
Мақсатымыз: Деніміз сау, табысты және бақытты болу!


      Біз өмір сүріп жатқан әлемде,басқаларға қамқорлық жасау – ең асыл құндылық. «Өзара қолдау» – бұл тек бағдарлама емес, үлкен қозғалыс. Бұл қозғалыс адамдарды біріктіреді, тек көмек алу ғана емес, өзіңнің көмек көрсету мүмкіндігіңді де ашып береді. Әр қатысушы бұл бағдарлама арқылы тек өзіне емес, айналасындағы адамдарға да көмек қолын соза алады.
      Бағдарламаның миссиясы – өзара қолдауды жүзеге асыру үшін бірегей қауымдастық құру. Бұл бағдарламада әр адам тек қаржылай қолдау алып қана қоймай, өзінен кейінгі адамдарға да көмек көрсету мүмкіндігіне ие болады. Біз тек көмек көрсету ғана емес, әр адамның өмірін жақсартуға мүмкіндік береміз. Бағдарлама қоғамның барлық тобына қолжетімді, әрқайсысы өз қажеттілігіне қарай көмек ала алады.
      Өзара қолдау — бұл тек өзара көмек қана емес, олардың күш-жігері мен жанашырлығы. Әр қатысушы тек көмек алушы емес, өз көмегін көрсете алатын белсенді қатысушы болып табылады. Бұл бағдарламадағы күш – тек біржақты көмек емес, тұрақты, әрі өзара жауапкершілікке негізделген байланыс орнату.
      Бұл — әр адамның өзін жақсырақ сезініп, басқаларға көмек көрсету арқылы өмірін өзгерту мүмкіндігі. Сіз денсаулығыңызды жақсартып, өмір сапасын арттыра аласыз, сондай-ақ көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын бере отырып, өзіңізге қаржылай көмек ала аласыз. Осылайша, «Өзара қолдау» бағдарламасы — тек қайырымдылық емес, үлкен әрі маңызды қозғалыс, адамдарды біріктіретін күш.

      «Өзара қолдау» қайырымдылық бағдарламасы өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады:
      ✓ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ «Қайырымдылық туралы» Заңы;
      ✓ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы;
      ✓ Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 мамырдағы № 197-II «Тұтыну кооперативтері туралы» Заңы және және «InterPlay» ТК мүшелерінің жиналысында бекітілген Жарғысы;
      ✓ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңы;
      ✓ Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-1 Заңы «Қоғамдық бірлестіктер туралы»(2024 жылғы өзгерістер мен толықтыруларымен);
      ✓ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Сауда және интеграция министрiнiң 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136 бұйрығымен бекітілген «Желілік маркетинг, қоғамдық дистрибьюторлар, пошта арқылы сату және өзге де тәсілдер арқылы бөлшек сауданы жүзеге асыру қағидалары».




БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ТӨМЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫЛАДЫ:


“Өрлеу жолы” рухани және жеке даму мотивациялық жүйесінің курстары

Қаржылай көмек алу мүмкіндігі;

"Денсаулық - басты байлық" интернет-дүкені арқылы төмен бағамен қажетті заттарға қол жеткізу;

Tабиғи өнімдермен емдеу тәсілдері;

Шипажайларда тегін емделу;

Әлемді тегін саяхаттау мүмкіндігі;

Тұрғын үй және автокөлік мәселесін бірлесіп шешу;

Тегін ақпараттық және кеңестік көмек:

      • Заңгерлік;
      • Психологиялық;
      • Бизнес және салық төлеу жөнінде;
      • Компьютерлік технологиялар және программалау жөнінде;
      • Сұранысқа байланысты басқа керек сұрақтарына.

“Денсаулық – басты байлық” клубының басқа да мүмкіншіліктерін пайдалану.



Бағдарламаға кез келген адам қатыса алады және өз қызметтері мен өнімдерін жарнамалай алады:
      • жеке тұлғалар (зейнеткерлер, студенттер және т.б.);
      • кәсіпкерлер мен емшілер;
      • психологтар, блогерлер;
      • қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктер;
      • сауда орындары;
      • MLM(сеттік)-компаниялар мен қайырымдылық қорлары.

Бағдарлама өнімдері:
      • “Өрлеу жолы”авторлық интелектуалдық жүйесінің курстары;
      • Aқпараттық және жарнамалық кеңес беру қызметтері;
      • «Денсаулық – басты байлық» интернет-дүкеніндегі табиғи емдік өнімдер мен тұрмыстық тауарлар.

Қаржыландыру көздері:
      • “Өрлеу жолы” авторлық интелектуалды жүйесінен;
      • Жеке тұлғалардың және демеушілердің қайырымдылық жарналары;
      • "Денсаулық – басты байлық" интернет-дүкеніндегі сатылымдардан бөлінетін қаражат.

      Қатысушының қайырымдылық белсенділігі:
      Қатысушының қайырымдылық белсенділігі оның өз маңайындағы көмекке мұқтаж адамдарға бағдарламаның мәнін түсіндіріп, олардың қайырымдылық қаржылық көмек алуына және қайырымдылық іс-әрекеттеріне қатысуына көмектесуі арқылы айқындалады. Осы белсенділік негізінде инновациялық компьютерлік есептеу барысында қатысушыға қаржылық қолдау мөлшері есептеледі.
      "Жеке белсенділік" — қатысушы тікелей көмектесіп, бағдарламаға қатысу арқылы кемінде 3 адамның қаржылық қайырымдылық көмек алуына себепкер болған кезде айқындалады.
      "Ұйымдастырушылық белсенділігі" — қайырымдылық көмек алуына тікелей себепкер болған кемінде 3 қатысушысы өз "жеке белсенділігін" айқындағанда.
      "Тәлімгерлік белсенділігі" — қайырымдылық көмек алуына тікелей себепкер болған кемінде 3 қатысушысы "Ұйымдастырушылық белсенділігін" айқындағанда.




“Денсаулық – басты байлық” клубының негізін қалаушылары мен басты құрылтайшылары:

Slide 2
Slide 3
Slide 4
Slide 5
Slide 6
Slide 1

Құрылтайшы боламын деген қайырымды жандарды ізгілікпен қарсы аламыз.





Бағдарламаны қолдану жоспары:



      Бағдарламада - қайырымдылықты танымал етуге, қатысушылардың қаржылай көмек алуына және олардың айналасындағы мұқтаж жандардың да қаржылай көмек алуына, сондай-ақ жүйенің тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған бірегей маркетингтік стратегия әзірленіп инновациялық компьютерлік есептеу жүйесі қолданылды.

      Қатысу тәртібі:
      Бағдарламаға қатысушы кемінде 2 900 теңгеден бастап қайырымдылық жасайды (жасаған қаражатына табиғи емдік өнімдер немесе тұрмысқа қажетті өнімдер алады) немесе ұсынылатын қайырымдылық тауарларын сатып алу арқылы қатысушы жүйеге тіркеледі. Қатысушының қаржылай көмек алуы және айналасындағы мұқтаж жандарды бағдарламаға тарту мүмкіндігі іске қосылып, алатын қаржылай көмектердің көлемі қатысушының жасайтын қайырымдылық қаражатына қарай автоматты түрде есептеледі.
      Инновациялық компьютерлік жүйенің көмек қаражаттарын есептеуі үшін бағдарламаға қатысудың арнайы 4 нұсқасы қарастырылған:
      1) 2 900тгқайырымдылықты бастау (халықтың әлеуметтік осал топтары тегін қатыса алады);
      2) 5 900тг"Қолдау";
      3) 11 900тг"Клуб мүшелігі" ("Қолдау" және "Бірлесу" бағдарламасына қатысу);
      4) 23 900тг"Ағзаны тазарту" (Ағзаны токсиндер мен паразиттерден тазарту курсы);
      5) 59 900тг - Арнайы нұсқа:
        - Ағзаны тазарту арқылы көптеген аурулардың алдың алуға және салмақ баланысын реттеуге арналған курс;
        - Шипажайларда емделу және саяхаттау мүмкіндігі;
        - Баспана немесе автокөлік алу бағдарламасына қатысу;
      6) 119 900тг"Филантроп".

      Көмек қаражаттарын үлестіру тәртібі:
      Жиналған барлық қаражат бағдарламаға қатысушылардың жасаған қайырымдылық қаражаттарының көлеміне және белсенділігіне байланысты инновациялық компьютерлік жүйеде есептеліп, қаржылай қолдау ретінде бөлінеді.
Әр қаржылай көмекті алар кезде қатысушы “ұйымдастырушы белесенділігінде” болуы ескеріледі.

      Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты:
      Қатысушы айналасындағы көмекке мұқтаж жандардың қаржылай көмек алуына себепкер болып, кемінде 3 адамды жүйеге қосу арқылы "жеке белсенделігін” көрсетуі керек. Егер осы 3 адамның біреуін қайырымдылық ретінде өз қаражатына бағдарламаға қатыстырса, оның қайырымдылық жасаудағы шынайы ниеті мен ізгілік пен табыс жолында жеке белсенділігін айқындайды.
      Назарыңызға: қатысушыға, қайырымдылық көмек қаражатын алатын адамдарды өз атынан бағдарламаға қатыстыру санына шектеу қойылмайды. Көмек алушыларының саны көбейген сайын қатысушының белсенділігі көтеріліп, алатын көмек қаражаттары да артады.

Қатысушы алатын мүмкіндіктер:

1. Өнімдер мен тұрмыстық заттар
      Жүйеде тіркелуге немесе қайырымдылық ретінде аударылған қаражатына қатысушыға табиғи емдік өнімдер мен тұрмыстық тауарлар беріледі.

2. Сертификат
      Қайырымдылық бағдарламасы туралы ақпарат беріп, қатысушылардың қайырымдылық көмек алуына себепкер болғаны үшін қатысушыға электронды сертификат беріледі. Сертификат әртүрлі саладағы сарапшылардан кеңестер,пайдалы ақпарат алуға, мотивациялық қолдауға, сонымен қатар қатысушыға жеке кабинеті арқылы қызмет көрсету мүмкіндігі беріледі.

3. Өнімдерге жеңілдік
      Белсенді қатысушылар «Денсаулық – басты байлық» клубының интернет-дүкені арқылы табиғи емдік өнімдер мен тұрмыстық тауарларға 50%-ға дейінгі жеңілдіктер алады.

4. Айына, тоқсандыққа және жылына берілетін қаржылай қайырымдылық көмек
      Қатысушының қайырымдылық көмек алып тұру қаражатының мөлшері оның және барлық қатысушылардың бағдарламадағы белсенділігіне және қайырымдылық жасау немесе өнімдер мен тауарларды сатып алу қаражаттарына байланысты инновациялық компьютерлік жүйеде есептеліп, қаржылай қолдау ретінде бөлініп тұрады. Қаржылай көмекті алар кезде қатысушы кемінде “ұйымдастырушы белесенділігінде” болуы керек.
Мысалы:

Қайырымдылық жасау немесе
өнім сатып алу қаражаты
Қайырымдылыққа алып тұратын көмек қаражаты
2 900 тг 1.500тг бастап
5 900 тг 3.000тг бастап
23 900 тг 12.000тг бастап
59 900 тг 30.000тг бастап


5. Айналасына қайырымдылығы
      Қатысушы өзі тіркелгенде, айналасындағы қайырымдылыққа мұқтаж 1 адамды да бағдарламаға қайырымдылық ретінде тегін тіркеуге мүмкіншілік беріледі.


6. “Клуб мүшесі”
      "Тәлімгерлік белесенділік" танытқан қатысушы «Денсаулық – басты байлық» клубының барлық мүмкіндіктерін толық пайдалануға және "VP көрсеткіштері" байынша сыйақылар алуға "Бірлесу бағдарламасы" арқылы клуб мүшелігіне қабылданады.

7. “Баспана және автокөлік”
      "Тәлімгерлік белесенділік" танытқан қатысушы "InterPlay" тұтыну кооперативінің баспана және автокөлік алуға арналған әлеуметтік бағдарламасына қатысу мүмкіндігі болады.

8. “Жылдық ынталандыру қаражаты”
      Бағдарламаға қатысушылардың қайырымдылық мақсатында алатын барлық көмек қаражаттарына байланысты, “Қайырымдылық белсенділігі үшін - ынталандыру” қаражаттары инновациялық компьютерлік жүйе арқылы автоматты түрде жеке есептелініп, 1 жыл бойы жинақталады. Жыл соңында жиналған қаражат қатысушылардың қайырымдылық белсенділігіне және өзге адамдарға қаржылай көмек алуға көмектескендігіне байланысты үлестіріледі.
      Мысалы: "Тәлімгерлік қайырымдылық белсенділігіндегі" қатысушының көмегімен бағдарламаға қосылған қатысушыларға жиналған ынталандыру қаражаттары 5 000 000 теңге болса, онда қатысушыға осы қаражаттың жартысы, яғни 2 500 000 теңге ынталандыру қаражаты ретінде беріледі.
      Назарыңызға: қатысушының белсенділігімен бағдарламаға қосылған қатысушылар саны көбейген сайын, алатын ынталандыру қаражаттары да артады.

9. «Агенттік келісімшарт»
      Қатысушылар «Агенттік келісімшарт» жасап, осы бағдарлама туралы және "Денсаулық - басты байлық" интернет-дүкенінде ұсынылатын табиғи емдік өнімдер мен басқа да тауарларды жарнамалап, сату арқылы қосымша табыс таба алады.
      Мысалы, "Тәлімгерлік қайырымдылық белсенділігіндегі" қатысушы келісім-шарт бойынша интернет-дүкеніндегі тауарларды сатқан жағдайда, сатылған соманың 50%-ына дейінгі айырмашлығы қатысушыға сыйақы ретінде аударылады.



❤ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАП, ӨЗАРА ТІРЕК БОЛАЙЫҚ!





  Реквизит пен Контактілер


Телефон: +7 702 789 98 62 / консультация;
+7 776 149 96 69 / фин. отдел;
+7 747 673 84 24 / тех. отдел;
Электрондық пошта:admin@zib-club.ru