“Өзара қолдау” қайырымдылық
бағдарламасының жарғысы
1. Кіріспе
      Осы Жарғы «Өзара қолдау» қайырымдылық бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) құқықтық мәртебесін, мақсаттары мен міндеттерін, басқару құрылымын, қаржылық негізін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметін жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Бағдарламаның мақсаты
      Бағдарламаның негізгі мақсаты –өзара қолдауды жүзеге асыру үшін бірегей қауымдастық құру , қайырымдылық мәдениетін дамыту, сондай-ақ ынталандыру жүйесі арқылы қатысушылардың белсенділігін арттыру.
3. Бағдарламаның міндеттері
      Бағдарламаның міндеттері мыналар болып табылады:
• Қайырымдылық көмек көрсетудің ашық әрі тиімді механизмін қамтамасыз ету;
• Қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың құқықтарын қорғау;
• Қоғамда әлеуметтік жауапкершілік пен өзара көмек мәдениетін қалыптастыру;
• Маркетингтік элементтерді пайдалану арқылы қайырымдылық аясын кеңейту.
4. Басқару органдары
      Бағдарламаның басқару органдарына мыналар жатады:
• «InterPlay» ТК жарғысы;
• Директор (немесе Басқарушы);
5. Қаржыландыру көздері:
      Бағдарламаның қаржылық негізін келесі көздер құрайды:
• Қатысушылардың қайырымдылық жарналары;
• Өнім сату және маркетингтік қызметтен түскен кірістердің қайырымдылыққа бөлінетін үлесі;
• Демеушілік және ерікті қайырымдылық аударымдары;
• Басқа да заңды көздерден түскен қаржылар.
6. Заңдық негіз
      Бағдарлама өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады және келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады:
      ✓ Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 402-V ҚРЗ "Қайырымдылық туралы" Заңы
– Қайырымдылық қызметін ұйымдастырудың, көмек көрсету тәсілдерінің, қайырымдылық жасаушылар мен көмек алушылардың құқықтары мен міндеттерінің құқықтық негіздерін белгілейді.
      ✓ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңы
– Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық мәртебесін, құрылу және қызмет ету тәртібін реттейді.
      ✓ Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 мамырдағы № 197-II "Тұтыну кооперативтері туралы" Заңы және «InterPlay» ТК мүшелерінің жиналысында бекітілген Жарғысы
– Тұтыну кооперативтерін құрудың, олардың мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің, сондай-ақ кооперативтік қатынастарды жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.
      ✓ Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544-II "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңы
– Сауда қызметін жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгілейді, оның ішінде:
      • 32-1-бап – сауда субъектілерінің қызмет бағытын, ассортиментін, баға белгілеу мен жұмыс режимін дербес айқындау құқығын бекітеді;
      • 12-баптың 4-тармағы – желілік маркетинг, қоғамдық дистрибьюторлар, пошта арқылы сату және өзге де тәсілдер арқылы сауданы Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен қағидаларына сәйкес реттеу.
      ✓ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары – Сауда және интеграция министрiнiң 2022 жылғы 11 наурыздағы № 136 бұйрығымен бекітілген "Желілік маркетинг, қоғамдық дистрибьюторлар, пошта арқылы сату және өзге де тәсілдер арқылы бөлшек сауданы жүзеге асыру қағидалары"
– 2022 жылғы 27 наурыздан бастап күшіне енген және желілік маркетинг қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын негізгі нормативтік құқықтық акт.
7. Қорытынды ережелер
      Осы Жарғыда көзделмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.
❤ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАП, ӨЗАРА ТІРЕК БОЛАЙЫҚ!
  Реквизит пен Контактілер
Телефон: | +7 702 789 98 62 / консультация;
+7 776 149 96 69 / фин. отдел; +7 747 673 84 24 / тех. отдел; |
Электрондық пошта: | admin@zib-club.ru |