“Өзара қолдау”
қайырымдылық бағдарламасы


Миссиямыз: Әлемдегі адамдарды қаржылық өзара көмек арқылы біріктіру!
Ұранымыз: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің де көресің!
Мақсатымыз: Деніміз сау, табысты және бақытты болу!


ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ — АСЫЛ ҚҰНДЫЛЫҚ

      Қайырымдылық - адамзаттың ежелден келе жатқан ең асыл құндылықтарының бірі. Ол барлық қоғамдар мен діндерде мойындалған, өйткені мейірімділік пен жанашырлық – адамгершіліктің айнасы.
      “Қолы ашықтың – жолы ашық” демекші, көмекке мұқтаж жандарға көмектескіңіз келіп жүрген ойыңызды нақты әрекетке айналдыратын кез келді! Бұл бағдарлама сізге шынайы көмекті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

      Бағдарламаның мақсаты — халықтың қайырымдылық саласын терең түсінуіне ықпал ету, филантропияны көмекті алушылар үшін қолжетімді, ал демеушілер үшін тартымды ету. “Бірігіп жасаған істің берекесі мол” дегендей бағдарламада адамдардың бірігуіне, өзара көмек көрсетуіне, қолдау көрсетулеріне жағдай жасалынады. Бағдарламаға қосылған әр адам денсаулықты жақсартумен қатар, көмекке мұқтаж адамдарға қаржылай қолдау көрсетіп өзі де қаржылай көмек табысын алады.

      Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы №402-V ҚРЗ «Қайырымдылық туралы» заңына және «InterPlay» тұтыну кооперативінің жарғысына негізделе отырып әзірленген.




БАҒДАРЛАМА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ТӨМЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ҰСЫНЫЛАДЫ:


“Өрлеу жолы” авторлық интелектуалдық жүйесінен тегін мотивациялық-рухани даму курстарын алу;

Қаржылай көмек алу;

Клубтың интернет дүкенінің мүмкіншілігін пайдалану;

Tабиғи өнімдермен емдеу тәсілдері;

Шипажайларда тегін емделу;

Әлемді тегін саяхаттау;

Автокөлік және тұрғын үй мәселесін бірлесіп шешу;

Тегін ақпараттық және кеңестік көмек:

      • Заңгерлік;
      • Психологиялық;
      • Салықтық;
      • Сұранысқа байланысты басқа керек сұрақтарына.

“Денсаулық – басты байлық” клубының басқа да мүмкіншіліктерін пайдалану.


Бағдарламаның ерекшелігі:
      Қатысушы бағдарламада қайырымдылық жасап қана қоймай, өзі де ай сайын қаржылай көмек қаражаттарын алады және өзінің айналасындағы көмекке мұқтаж адамдардың біріне ай сайын бағдарлама арқылы өз атынан көмек бере алады. Егер өзі қайырымдылық көмекке мұқтаж болмаса, алған қаражатын қайта өз еркімен қайырымдылыққа жұмсауына болады.

Бағдарламаға кез келген адам қатыса алады:
      • жеке тұлғалар (зейнеткерлер, студенттер және т.б.);
      • кәсіпкерлер мен емшілер;
      • психологтар, блогерлер;
      • қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестіктер;
      • сауда орындары;
      • MLM(сеттік)-компаниялар мен қайырымдылық қорлары.

Бағдарлама өнімдері:
      • “Өрлеу жолы”авторлық интелектуалдық жүйесінің курстары;
      • Aқпараттық және жарнамалық кеңес беру қызметтері;
      • «Денсаулық – басты байлық» клубының интернет-дүкеніндегі табиғи емдік өнімдер мен тұрмыстық тауарлар.

Қаржыландыру көздері:
      • “Өрлеу жолы” авторлық интелектуалды жүйесінен;
      • Жеке тұлғалардың және демеушілердің қайырымдылық жарналары;
      • "Денсаулық – басты байлық" клубының интернет-дүкеніндегі сатылымдардан түсетін пайдадан бөлінетін қаражат..

      Қайырымдылық жасаушылардың белсенділік дәрежелері:
      Бағдарлама жайлы ақпарат таратып, қайырымдылық жасаушыларды тартудағы белсенділігіне қарай қатысушыларға арнайы белсенділік дәрежелер беріледі. Осы дәрежелерге байланысты олардың ай сайын алатын қайырымдылық қаражаты және өзге де көмек бонустары белгіленеді:
      "Белсенді қайырымдылық жасаушы" — бағдарлама туралы ақпарат беріп, кемінде 3 адамды бағдарламаға қатыстырған қайырымдылық жасаушы.
      "Ұйымдастырушы" — өзі ақпарат берген кемінде 3 қайырымдылық жасаушысы "Белсенді қайырымдылық жасаушы" дәрежесін алған кезде беріледі.
      "Жетекші" — өзі ақпарат берген кемінде 3 қайырымдылық жасаушысы "Ұйымдастырушы" дәрежесін алған кезде беріледі.




Бағдарлама негізін қалаушылары мен басты құрылтайшылары:

Slide 2
Slide 3
Slide 4
Slide 5
Slide 6
Slide 1




БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖОСПАРЫ:



      Бағдарлама қайырымдылықты танымал етуге,қатысушылардың қаржылай көмек алуына және олардың айналасындағы мұқтаж жандарға қаржылай көмек беруіне, сондай-ақ жүйенің тұрақты және үздіксіз жұмыс істеуіне бағытталған бірегей маркетингтік стратегия әзірленіп инновациялық компьютерлік есептеу жүйесі қолданылды.

      Қатысу тәртібі:
      Бағдарламаға қатысушы кемінде 1 900 теңгеден бастап қайырымдылық жасауы немесе ұсынылған қайырымдылық тауарларын сатып алуы қажет. Қайырымдылық қаражаты көрсетілген деректемелерге аударылып, қатысушы жүйеде тіркеледі. Осыдан кейін қатысушының ай сайын өзіне және айналасындағы мұқтаж жандардың біріне қаржылай көмек беру мүмкіндігі іске қосылады. Бұл көмектердің көлемі қатысушының ай сайын жасайтын қайырымдылық қаражатына қарай автоматты түрде есептеледі. Қайырымдылық жасау қаражатының мөлшері - қатысушының өз ниетіне байланысты.

      Көмек қаражаттарын үлестіру тәртібі:
      Жиналған барлық қаражат ай сайын бағдарламаға қатысушы қайырымдылық жасаушылар арасында бөлінеді. Ай сайын кемінде 1.900 теңгеден бастап қайырымдылық жасаған әрбір қатысушының жасаған қайырымдылық қаражатының көлеміне және белсенділік дәрежесіне байланысты көмек қаражаттары есептеліп, оған ай сайын қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, әрбір қатысушының атынан ай сайын оның айналасындағы мұқтаж жандардың біріне де қаржылай көмек беріледі.

      Бағдарламаға қатысудың негізгі шарты:
      Қайырымдылық жасаушы өзінің қаржылай көмек алуына және айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға көмектесуі үшін, қаржылай көмек алғысы келетін кемінде 3 адамға бағдарлама туралы ақпарат беріп, оларды жүйеге қосу арқылы "Ұйымдастырушы" және "Жетекші" дәрежесінде болуы керек. Сонымен қатар, осы қатысушылардың біреуін өз қаражатынан қайырымдылық ретінде жүйеге міндетті түрде тіркеуі керек.
      Назарыңызға: қайырымдылық жасаушы өз атынан бағдарламаға тартатын адамдар санына шектеу қойылмайды. Қатысушылар саны неғұрлым көп болса, бұл оның белсенділігі мен қайырымдылыққа деген шынайы ниетін көрсетеді және алатын көмек қаражаты еселенеді.

Қайырымдылық жасаушыларға берілетін бонустар:

1. Өнімдер мен тұрмыстық заттар
      Жүйеде тіркелуге немесе қайырымдылық ретінде аударылған қаражатына қатысушыға ұсынылатын табиғи емдік өнімдер мен қажетті тауарлар.

2. Сертификат
      Қайырымдылық бағдарламасы туралы ақпарат бергені үшін, сондай-ақ қатысушыларды тартуға белсенді қатысқаны үшін қайырымдылық жасаушыға электронды сертификат беріледі. Сертификат әртүрлі саладағы сарапшылардан кеңестер,пайдалы ақпарат алуға, мотивациялық қолдауға, сонымен қатар бағдарламаға қатысушының жеке кабинетін жүргізуге мүмкіндік береді.

3. Өнімдерге жеңілдік
      Белсенді қайырымдылық жасаушылар «Денсаулық – басты байлық» клубының интернет-дүкені арқылы табиғи емдік өнімдер мен тұрмыстық тауарларға 50%-ға дейінгі жеңілдіктер алады.

4. Ай сайын қаржылай көмек
      Қайырымдылық жасаушы ай сайын кемінде 1.900 теңгеден бастап қайырымдылық жасаса немесе 1.900 теңгеден бастап ұсынылатын өнімдерден сатып алса, ол жасаған қайырымдылық қаражатына байланысты және белсенділік дәрежесіне байланысты ай сайын көмек қаражаттарын ала алады.
Мысалы:

Қайырымдылық жасау немесе
өнім сатып алу қаражаты
Дәрежесі Көмек қаражаты
1 900 тг "Ұйымдастырушы" 10.000 тг дейін
3 900 тг "Жетекші" 30.000 тг дейін
49 000 тг "Жетекші" 300.000 тг дейін
99 000 тг "Жетекші" 600.000 тг дейін
199 000 тг "Жетекші" 1.200.000 тг дейін

      Назар аударыңыз:
    • Қатысушының айлық қайырымдылық қаражаты неғұрлым жоғары болса, алатын көмек мөлшері де пропорционалды түрде артады.
    • "Жетекші" дәрежесіндегі қайырымдылық жасаушы ай сайынғы қайырымдылық жарнадан босатылады.

5. Қайырымдылық
      Бағдарламаға қатысушы айына қаржылай көмек алған сайын, өз атынан айналасындағы көмекке мұқтаж адамдардың біріне бағдарлама арқылы ай сайын қаржылай қайырымдылық көмек көрсете алады. Мысалы:

Айына алатын қаражылай көмек Қайырымдылық көмек қаражаты
10.000тг дейін 5.000 тг дейін
30.000тг дейін 15.000 тг дейін
300.000тг дейін 150.000 тг дейін
600.000тг дейін 300.000 тг дейін
1.200.000тг дейін 600.000 тг дейін



6. “Клуб мүшесі”
      "Жетекші" дәрежесіндегі көмек қаражатын алатын қайырымдылық жасаушы «Денсаулық – басты байлық» клубының барлық мүмкіндіктерін пайдалануға клуб мүшелігіне тегін қабылданады.

7. “Баспана алу”
      "Жетекші" дәрежесіндегі қайырымдылық жасаушы "InterPlay" тұтыну кооперативі арқылы автокөлік немесе баспана алу мүмкіндігін алады.

8. “Ынталандыру депозиті”
      Бағдарламаға қатысушылардың қайырымдылық мақсатында алған көмек қаражаттарынан 10% мөлшерінде арнайы депозиттік қор жинақталады. Жыл қорытындысы бойынша осы қордан белсенді қайырымдылық жасаушыларға мотивациялық бонус ретінде «Ынталандыру депозиті» беріледі.
      Бұл бонус көлемі қатысушының бағдарламадағы белсенділігіне және өзі шақырып, ақпараттандырған адамдардың жинаған жалпы депозиттік сомасының 50%-на дейінгі мөлшерінде есептеледі.
      Мысалы:егер "Жетекші" дәрежесіндегі белсенді қайырымдылық жасаушы өзі бағдарламаға тартқан адамдары 10.000.000 теңге көлемінде қайырымдылық депозитін жинаса, онда ол осы соманың 50%-ы, яғни 5 000 000 теңге мөлшерінде ынталандыру бонусын алады.

9. «Агенттік келісімшарт»
      Қайырымдылық жасаушылар «Денсаулық – басты байлық» клубының интернет-дүкені ұсынатын табиғи емдік өнімдер мен басқа да тауарларды жарнамалап, сатумен айналысу үшін «Агенттік келісімшарт» жасап, қосымша табыс таба алады.
      Мысалы, "Жетекші" дәрежесіндегі дәрежесіндегі қайырымдылық жасаушының адамы интернет дүкенінен бағдарламаға қатыспай 100.000 теңгеге тоуар сатып алса,оның 50%-ы,яғни 50.000 теңге автоматты түрде оған аударылады.






❤ БІР-БІРІМІЗДІ ҚОЛДАП, ӨЗАРА ТІРЕК БОЛАЙЫҚ!